Қазақта «Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» деген нақыл сөз бар. Осы айтылған сөз елдің қуаттылығы мен Тәуелсіздік тұрақтылығы үшін еңбек етушілердің басты ұрандарының бірі деп білемін. Бірақ, жақсылығы мен жамандығы қатар жүретін қоғамда адамның бар санасын улайтын сыбайлас жемқорлық деген «дерт» пайда болды. Жылдар бойы әлем болып күрессек те, әлі де болса, тамырына түбегейлі балта шаба алмай отырмыз.
Бұл бағытта, Алға ауданында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық жұмыстар жөнінде жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Алға ауданының жергілікті атқарушы органдарының штаттық санының лимиті 123 бірлікті құрайды.
2024 жылы тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны — 20 адам, оның ішінде басшылық лауазымдардағы –7 адам, өзге лауазымдардағы – 13 адам. (Оның ішінде: ескерту – 15, қатаң сөгіс – 1, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту — 4).
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес ауданның ЖАО-мен 64 қызмет көрсету қарастырылған. Осы бағытта 2024 жылдың 12 айында барлығы 9176 қызмет көрсетілді. Оның ішінде, баламалы негізде «Мемлекеттік корпорация арқылы» көрсетілген қызметтер саны – 942 (10,2%) , электронды түрде – 7967 (86,8 %), тек мемлекеттік орган арқылы – 267 (2,9%), қызмет көрсетуден бас тарту саны – 169. 2024 жылы 3 рет жүргізілген ішкі бақылау қорытындылары бойынша барлығы 177 кемшілік анықталып, әр мемлекеттік органға берілген ұсынымдардың негізінде жіберілген заң бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды орындау жөнінде іс-шаралар жоспарын бекітті. Бекітілген жоспарға сәйкес, бұзушылықтарды жою және болдырмау бағытында жұмыстар жүргізілді.
«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағытында 1 мәрте ZOOM платформасында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауданның қызмет көрсетушілерімен жер саласына қатысты кейбір мәселелер талқыланып, мемлекеттік қызмет көрсету бағытында бірқатар тапсырмалар берілді. ІV тоқсанда аудандық Қоғамдық Кеңес отырысында «Алға ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тұрғындарға сапалы көрсетілуін және заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы туралы» тақырыбында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жайы бойынша тыңдалды. Отырысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің өкілі М.Шілманов қатысты.
12 айда ауданның мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарымен барлығы 2684 адамды қамтыған 16 түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы азаматтарды ақпараттандыру бағытында 72 ақпарат жарияланды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курсынан 19 қызметші өтті.
2024 жылы аудан бойынша жеке және заңды тұлғалардан 1387 өтініш келіп түскен. Оның ішінде: 1046 арыз, 42 шағым, 299 ұсыныстар мен сұраныс хаттар. Түскен өтініштердің 963 өтініші мекемеде қаралды, 912-і қанағаттандырылған, 174 өтінішке заң талаптарына сәйкес түсінік берілген. 93 өтініш кері қайтарылып, 198 өтініш мазмұнына сәйкес тиісті мекемелерге жолданды. Сонымен қатар, 1245 жеке тұлға қабылдауда болды. Оның ішінде барлық деңгейдегі әкімдер 726, аудан және қала орынбасарлары 69 жеке тұлғаларды сұрақтары бойынша қабылдап, 857 мәселе оң шешілді және 388 мәселеге заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алға ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жоспарлап, оның талапты мәселелерінің тапсырмаларын атқаруға өзге мекемелер мен органдарды міндеттейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы» тұрақты түрде жұмыс жасайды. Аталған комиссияның 2024 жылы жоспарлы түрде 4 отырысы өткізіліп,16 мәселе қаралды (білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, құқық қорғау органдары қала және ауылдық округі әкімдіктерінің жұмысы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және көші-қон мәселелері). Комиссия отырысында барлық бөлімдер, қала және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау, прокуратура, денсаулық және білім бөлімі қызметкерлерінен бөлек, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестік мүшелері және кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуына да кең мүмкіндіктер берілді.
Әлеуметтік желі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 16 бейнероликтер аудан әкімдігінің әлеуметтік желісінде (alga_aqparat) және 35 ақпараттық жарияланымдар бөлімдердің әлеуметтік Instagram парақшаларында жарияланды.
0Жергілікті «Жұлдыз-Звезда» газетінде 2024 жылы тақырыптық мақала жарық көрсе, ағымдағы жылы бұл бағытта 3 мақала тұрғындар назарына ұсынылды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында коммуналдық мекеме («Алға — Жылу» КМК) түбіртектерінің кері бетіне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға қатысуы» жөніндегі жадынамалары «Алға — Жылу» КМК түбіртектеріне орналастырылып, бүгінгі күнге 10 358 бірлік түбіртегі таратылды.
Бюджет қаражатының игерілуінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, барлық мемлекеттік мекеме қаражаттары «Ашық бюджет», жергілікті әкімдік сайттарында жарияланып, әр ай сайын қаражат қозғалысы көрсетіліп отырылады. Дегенмен, маңызды мәселеге қатысты кемшіліктер де бар. 2024 жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша бейім бөлімдер болып аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі мен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері анықталды. Тәуекелдер бойынша жоғары тұрған тиісті органдарға ұсыныстар енгізілді. Ағымдағы жылы бұл бағытта жұмыстар барлық ауылдық округ әкімдіктерінде жалғасады.
Сыбайлас жемқорлық – күн тәртібінде өз маңыздылығын жоғалтпайтын күрделі мәселе. Осы орайда, Алға ауданының әкімдігі өз құзіреті шегінде алдын алу, оның орын алуына жол бермеу шараларын қолға алып, бақылау жұмыстарын үздіксіз ұстанатын болады.
Асланбек Серікұлы Шүйіншәлиев
Алға ауданының әкімі