🔹ШҚО мемлекеттік орман қорын дамытудағы шаралар
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың еліміздің шығыс өңіріне жұмыс сапарының екінші күні Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Шемонаиха аудандарының орман қоры аумақтарын ұшып өтуден басталды.
🔺Е.Нысанбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында орманды қалпына келтіру жұмыстарымен, орман мекемелерінің қызметімен және Верх-Уба орманшылығының орман питомниктерінің бірінде отырғызу материалдарын дайындаумен танысты.
✔️Әрі қарай, Министр «Риддер орман шаруашылығы» КММ-не техниканы, арнайы жабдықты тексеру, сондай-ақ мекеменің қызметімен танысу мақсатында аттанды.
🔺Сапар соңында ведомство басшысы орман және табиғат қорғау мекемелерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшыларымен ағымдағы жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық бойынша кеңес өткізді.