Президентіміз Қ.Тоқаевтың ұлттық құрылтайда айтылған бастамалары қазіргі заман талабына толық сай келеді. Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі ұстанымын Конституция деңгейінде сақтау және күшейту — қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың тең құқығын қамтамасыз етудің маңызды шарты. Бұл бағыт елдің құқықтық негізін нығайта түседі.
Сонымен қатар, цифрландырудың қарқынды дамуы азаматтардың өміріне тікелей әсер етіп отырғаны орынды көтерілген. Жоғары технологиялар кеңінен қолданылған заманда азаматтардың дербес цифрлық деректерін қорғау аса өзекті мәселе. Осы нормаларды Ата заңда нақты көрсету цифрлық қауіпсіздікті күшейтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттырады.
Халықтың ұсыныстары мен пікірлерін ескеру арқылы жүргізіліп отырған реформалар ашықтық пен жауапкершіліктің белгісі деп есептеймін. Егер бұл бастамалар халықтың қолдауына ие болса, олар Қазақстанның мемлекеттік дамуының жаңа кезеңін бастап, елдің тұрақты әрі заманауи бағытта дамуына негіз болады деп есептеймін.
Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның әдіскері С.Хайтбаева