Үйден шыққанда естен шығармаңыз
Қауiпсiздiк — адамға оның тамаққа, суға, киiмге, тұрғын үйге деген қажеттiлiгiмен бiрге ең басты қажеттiлiк болып табылады. Тұрғын үйде болған өрт — бұл үлкен дерт. Өрт өз жолында бәрiн құртады, бiрнеше секундта адамдар баспанасынан, жылдар бойы жинаған мүлiктен, ал кейде ең бастысы — өмiрiнен айырылады.
Статистикаға сүйенсек, бiр жыл iшiнде өрттiң басым бөлiгi тұрғын-үй секторында болады. Мұндай өрт кезiнде көбiнесе адамдар зардап шегіп, жарақат алады. Адам факторы тұрғын үйде болатын барлық өрттiң себебi болып табылады. Өрт үлкен материалдық шығынға әкеп соқтыруымен қатар көп жағдайда адам өмiрiнiң қиылуына әкеледi. Сондықтан өрттен қорғау — әр қоғам мүшесiнiң басты мiндетi. Ал профилактикалық шаралар жалпы мемлекеттiк масштабта өткiзiледi.
- Бүгiнде жеке үйлер мен пәтерлерде өрттiң туындау мүмкiндiгiн арттыратын жанатын заттармен, синтетикалық құралдар және әртүрлi тұрмыстық техникамен жабдықталған, тiптi синтетикалық материалдардың жануы кезiнде улы газдар бөлетiндiктен адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнедi.
Өмiрдiң жоғары ритмi, әрдайым уақыттың жетiспеу факторлары тұрғын үй секторында өрттiң туындау тәуекелiн арттырады.
Өрттiң негiзiгi себептерi:
- сөнбеген жылыту құралдары;
- өздiгiнен жасалған жылытқыштарды пайдалану;
- мас күйiнде төсекте шылым шегу;
- балалардың отпен ойнауы.
Көп жағдайда маскүнемдердің кесірінен тұрғын үй отқа оранып жатады. Мұндай адамдар мерекелердi өткiзудi жақсы көредi. Содан соң өздерiнен қалған шылымдарды, электр құралдарын сөндiрмей ұйықтап қалады.
Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлiмiнiң қызметкерлерi азаматтарды өрт қауiпсiздiгiнiң қарапайым ережелерiн орындауға шақырады. Сiздiң қауiпсiздiгiңiз Сiздiң қолыңызда. Өрт сөдiру қауiпсiздiгiне мұқият болсаңыз, сiз үйiңiз бен өмiрiңiздi сақтайсыз!
Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі