Президенттің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы ұсынысын мен дұрыс әрі заман талабына сай шешім деп қабылдаймын.
Қазіргі таңда әлем елдері жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды барлық салада кеңінен қолданып жатыр. Бұл тек даму емес, бұл – тіршілік ету шартына айналып барады. Қазақстан да осы көштен қалмауы керек. Сондықтан арнайы министрлік құру – бұл мәселені жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.
Бүгінде жасанды интеллект білім беру, медицина, транспорт, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда да тиімді қолданылып жатыр. Қазақстанда да осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалансақ, жұмыс сапасы артып, халыққа қызмет көрсету жеңілдейді. Бірақ бұған тек сөз емес, нақты іс керек.
Сонымен қатар Президент айтқандай, цифрландыру заңмен реттелуі тиіс. Цифрлық кодекс қабылданса, бұл саладағы жұмыстар жүйеленіп, әрбір процестің ережесі, жауапкершілігі айқындалады. Ол тек мемлекеттік емес, жеке сектор үшін де пайдалы болмақ.
Менің ойымша, бұл бастамалар елдің болашағына бағытталған. Тек маңыздысы – министрлік құрылған соң, оның жұмысы формалды болмай, шынайы нәтиже көрсетсе екен. Жастарға мүмкіндік берілсе, жаңа технологиялар ел игілігіне қызмет етсе – Қазақстанның цифрлық тұрғыдан дамуына үлкен серпін болары сөзсіз
Жангалиева Алия, әлеуметтік педагог