ALGA RUN MARATHON 2025
ALGA RUN MARATHON 2025 21 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің…
ALGA RUN MARATHON 2025 21 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің…
Адал еңбек – бақыт кілті Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елімізде көптеген маңызды іс-шаралар атқарылып, аталмыш мамандық иелерінің қоғамда алатын орны насихатталуда. Осындай игі істің жалғасы ретінде Алға қаласының тұрғыны, жұмысшы…
Қайтпас қайсарлық арманға жетелейді Әр адам өмір жолында алдына мақсат қойып, армандайды. Арман - адамды алға жетелейтін шамшырақ іспетті. Алайда сол арманға жету жолында түрлі кедергілер мен қиындықтар кездеседі. Бірі…
Қазақстанда 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті Қазақстанның әр өңірінде жәрмеңкелер маусымы басталғалы 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкелерге миллионнан астам қазақстандық келді. Жәрмеңкелер сауданың ең танымал және сұранысқа…
Қазақстанның 14 өңірінде шегіртке зиянкестерімен күресу мақсатында 464 мың гектардан астам алқап өңделді Егістік алқаптарды үйірлі шегіртке зиянкестерінен қорғау және мониторинг жүргізу жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Болжам бойынша, 2025…
Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке
Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеудің, рухани қалыптастырудың алтын ұясы. Осы ұлы миссияны абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ескельдина Айзада Абдигалиевна.
Айзада Абдигалиевна – білім саласында 40 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстаз. Ол өз кәсібіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білетін, шығармашыл әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары педагог. Көпбалалы отбасында дүниеге келген ол еңбекке ерте араласып, ұстаздық жолды саналы түрде таңдаған.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі ретінде Айзада Абдигалиевна оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда, шығармашылық қабілетін шыңдауда табанды еңбек етіп келеді. Оның сабағы – тек еңбекке үйрету емес, өнерге баулу, шеберлік пен талғамды ұштастыру. Шәкірттері аудандық, облыстық деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары ретінде мектептегі тәрбие жұмысының жүйелі, мазмұнды және сапалы жүргізілуіне басшылық жасап келеді. Ол оқу ордасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын қалыптастыру, мәдени-рухани іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейді.
Айзада Абдигалиевна – ұжымда беделді, жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер ұстаз. Оның әдістемелік жұмыстары мен тәрбие бағытына арналған жобалары аудандық және облыстық семинарларда тәжірибе ретінде таратылып жүр.
Ұстаз еңбегі ескерусіз қалған емес – Айзада Абдигалиевна ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған. Бұл марапаттар – оның ұзақ жылғы жемісті еңбегінің, кәсіби шеберлігі мен адами келбетінің айқын дәлелі.
Ескельдина Айзада Абдигалиевна – өз ісінің шебері, тәрбие мен өнердің ұштастығын үйлестіре білген, жас ұрпаққа шынайы жанашырлықпен қарайтын педагог. Оның еңбегі – білім мен тәрбиенің алтын діңгегіне айналған. Мұндай ұстаз – мектептің тірегі, ел болашағының кепілі.
Құрметті Айзада Абдигалиевна! Сізді зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ғұмырыңыз ұзақ, денсаулығыңыз зор, отбасыңыз аман болсын!
Ізгі ниетпен: Тоқмансай орта мектебінің ұжымы (далее…)
2025 жылы қазақстандықтарға шамамен 300 млрд теңге бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ), баланы…
ПАРЛАМЕНТТЕ МӘМС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ Бүгін Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»…
2025 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарында 177 мыңнан астам түлек оқуын аяқтайды Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы туралы баяндады.…
2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ ПАЦИЕНТ ЕМДЕЛДІ Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Еліміздің травматологтары күн сайын мыңдаған адамға шын мәнінде аяғынан тұрып…