СҮРІНГЕНГЕ СҮЙЕУ
СҮРІНГЕНГЕ СҮЙЕУ Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарды жұмыспен қамту — маңызды міндеттердің бірі. Ақтөбедегі «Ramazan-Qus» құс фабрикасында жаңа жоба қолға алынды: жазасын өтеп жатқан 100 адамға жұмыс орны құрылып,…
СҮРІНГЕНГЕ СҮЙЕУ Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарды жұмыспен қамту — маңызды міндеттердің бірі. Ақтөбедегі «Ramazan-Qus» құс фабрикасында жаңа жоба қолға алынды: жазасын өтеп жатқан 100 адамға жұмыс орны құрылып,…
Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылады Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Бас прокуратураның…
3 қыркүйек – қазақ тазысы күні Бүгін Қазақстанда Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтуде. Дәл осы күні, 2024 жылғы 3 қыркүйекте, Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала…
3 қыркүйек – қазақ тазысы күні 3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақ тазысы күніалғаш рет аталып өтеді. Бұл дата 2024 жылы қазақ тазысының Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарапынан алдын ала танылған күніне орай белгіленді. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда FCI қазақ тазысын алдын ала тану туралы шешім қабылдады. Тұқымға №372 халықаралық стандарт бекітіліп, Қазақстан оның шыққан елі ретінде танылды. Қазақ тазысы ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге жасасып, дәстүрлі аңшылықта пайдаланылған. Ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жұмыстары соңғы жылдары мемлекеттік деңгейде қолға алынды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жөнінде міндет қойды. 2023 жылы осы бағыттағы заңнамалық негіз қалыптастырылды. «Тазыны бүгінгі күнге жеткізген – оны ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген аңшылардың, селекционерлердің, кинологтардың, ит иелері мен жанашыр азаматтардың еңбегі. Халықаралық деңгейде танылу – үлкен нәтиже. Бірақ біздің жұмысымыз мұнымен аяқталмайды. Ең бастысы – тазының тұқымдық ерекшеліктерін, генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу», – деді Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымдық кітабында төрт мыңға жуық тазы тіркелген. Өңірлерде иттердің шығу тегі туралы мәліметтерді жинау, асыл тұқымдық есеп жүргізу және тұқымдық қасиеттерін сақтау жұмыстары жалғасуда. Қазақ тазысын халықаралық деңгейде таныту жұмыстары да жалғасып келеді. 2025 жылы Хельсинкиде өткен Дүниежүзілік иттер көрмесінде тұқымның ресми таныстырылымы өтті. 2026 жылғы маусымда Болоньядағы World Dog Show көрмесіне Қазақстаннан 12 тазы қатысты. Сонымен қатар Жетісу облысында Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығының ғимараты салынып жатыр. Құрылыс демеушілердің қолдауымен, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен жүргізілуде. Орталықта таза тұқымды иттерді ұстау және өсіру, олардың шығу тегін тіркеу, Бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу, сондай-ақ кинология саласындағы мамандарды даярлау көзделген. Мұнда сынақтар, көрмелер, байқаулар мен жарыстар да ұйымдастырылады. Биыл 20 ақпанда Үкімет қаулысымен Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі 2026–2036 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Құжат алдағы он жылда осы бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жалғастыруды көздейді. Қазақ тазысының FCI тарапынан алдын ала танылуы – жұмыстың соңғы кезеңі емес. Алда тұқымның тұрақтылығын бірнеше буын бойы бақылау, генетикалық алуандығын, денсаулығын және өзіне тән табиғи қасиеттерін сақтау міндетітұр. 3 қыркүйек – қазақ тазысының халықаралық деңгейде танылғанын айғақтайтын ғана емес, ұлттық тұқымды сақтап, келесі ұрпаққа жеткізудің маңызын еске салатын күн.
2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты 2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді, ал айлық баға өсімі 0,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа…
Конституция — адал азамат пен жауапты қоғамның негізі Ата Заң Бүгін еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай…
Қазақстанда азық-түлік инфляциясы 13,5%-дан 9,5%-ға дейін төмендеді Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы тамызда Қазақстандағы айлық инфляция шілде айындағы деңгейде қалып, 0,6%-ды құрады. Бұл ретте жыл басынан бері алғаш рет…
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы 72,6 млрд долларға жетті АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттермен тауар айналымы 72,6 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы…
Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына ризашылығын…
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесті АСТАНА. KAZINFORM – ШЫҰ мерейтойлық саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.…