Адамзатқа күннің жарығы мен оның жылуы қандай қажет болса, АЭС те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін қажет.
Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жеткізетін боламыз.
Бұл туралы әлеуметтік желіде желдей ескен ақпараттар айтылып жатса да, наразылық топтары да кері пікірлерін ортаға тастауда.
Бастысы, түйінді шешімді әр тұлға өзі қабылдап білуі тиіс. Сол себепті, айтулы күні белгіленген уақытта өзің тіркелген сайлпу учаскесіне келіп, дауыс бер!
Калмуханова Назгуль Мырзагаликызы,
Ақай ауылдық округінің мәдениет үйінің қызметкері