Қайтпас қайсарлық арманға жетелейді
Әр адам өмір жолында алдына мақсат қойып, армандайды. Арман — адамды алға жетелейтін шамшырақ іспетті. Алайда сол арманға жету жолында түрлі кедергілер мен қиындықтар кездеседі. Бірі сол қиындықтардан қаймығып, жолдан тайса, енді бірі — қиындықтарды жеңе отырып, биік белестерді бағындырады. Мақаламыз сондай жандардың бірі — Ақтөбе қаласының тумасы, Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы, «Д.А.Р» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, мотиватор, тренер — Гүлмейрам Аманжолқызы Сражоважайында болмақ.
Ол небәрі 15 жасында жантүршігерлік теміржол апатына түсіп, екі аяғы мен бір қолынан айырылды. Мұндай ауыр соққыны көтеру — кез келген адамның қолынан келе бермейтін ерлік. Гүлмейрам Сражоватағдыр сынына мойымай, қайта өз өмірін жаңа белеске бастады. Жуырда ол Ақтөбе облысы, Алға ауданына келіп, аудандық мәдениет үйінде жастармен жүздесті. Мен де сол кездесуге қатысып, ерекше әсер алдым. Кездесуден кейін Гүлмейрам Аманжолқызынан арнайы сұхбат алудың сәті түсті.
Өкінішке орай, қазіргі қоғамда жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі — өмірдің қиындықтарына төтеп бере алмау. Ал Гүлмейрам Аманжолқызы сияқты жандардың өмір жолы –нағыз өмірден алынған сабақ. Ол — тек өз арманы үшін күресіп қана қоймай, өзгелерге де үміт сыйлайтын жан. Біз осындай мықты адамдардан үлгі алуымыз қажет.
Нұрбол Арқалықұлы Қаңтаров,
№4 Алға орта мектебінің
11 «А» сынып оқушысы