31
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің дәстүрлі Жолдауында алдағы уақытта энергия тапшылығының орын алуы мүмкін екендігін алға тартқан болатын.
Соған сәйкес, 6 қазан -Референдум болып бекітілді. Екі аптадай ғана уақыт қалды. Аз күнде еліміз үшін тағы бір маңызды шешім қабылданатын болады.
Жалпы, бүгінгі дамыған мемлекеттің басты талаптарының бірі -энергияның тұрақты берілуі.
Сол үшін де референдумда әр тұрғынның дұрыс шешім қабылдай білуі қажет.
Қазақстан — болашағы жарқын мемлекет. Жарқын болашақтың энергиясы да жарық болып жанып тұруы керек.
Ф.Курбангалиева,
Ақай ауылдық аналар кеңесінің төрайымы