6 қазан-тарихи күн. Еліміз үшін тағы бір маңызды қадамға аяқ басқалы отырмыз. Бірақ, қазақ елінде орын алатын кез-келген бастама сіз бен біздің келісімімізсіз орын алған емес. Бұл жолғы шешім де ортақ болмақ.
Бүгінде, қоғамда алып-қашпа әңгіме өте көп. АЭС туралы ақпараттар интернет желісінде қаптаған уақытта, «өсек сөзден» естігенді жөн көретін жерлестерімізге қарап көңілім құлазиды. Ауызбіршілікті отыз тістен таратқан қате пікірлер құртып, іріткі сала ма деген де уайым жоқ емес.
Сол үшін де барша қазақ елін өзге дамыған елдердің экономикасының өсуіне көңіл бөліп, танысуға шақырамын. Кері тарту оңай, қолдау қиын болып отырған заманда әрбір істің байыбын түсінсе деймін. Бізден кейін де өмір, өсіп келе жатқан ұрпақ бар. Олардың болашағына деген алаңдаушылық болса, бүгіннен бастап дұрыс шешім қабылдап білейік.
Мәдетхан Дәулетжан,
Есет батыр атындағы мектеп-бақша физика пәні мұғалімі