6 қазанда Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа 2 қыркүйекте қол қойды.
Бұл бағытта қоғамның пікірі екіге бөлінуде. Жалпы, атом электр стансасын салу арқылы елдегі электр энергиясының тапшылығына қатысты мәселе түбегейлі шешілмек.
Десек те, қоғамда АЭС -тің зиянына қатысты да пікірлер кеңінен таралып жатыр.
Осылардың барлығын ескере отырып, барша қазақстандықтар ағы мен қарасы қатар жүретін уақытта АЭС -тің жақсысы мен жаманын таразының екі басына тең қойып, 6 қазанда оң шешім қабылдауды қолға алу керек.
Сол арқылы еліміздің ертеңінің мерейлі болуына үлесімізді қосатын боламыз.
Ахмет Аманжол,
Бестамақ ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы