Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің дәстүрлі Жолдауында алдағы уақытта энергия тапшылығының орын алуы мүмкін екендігін алға тартқан болатын. Соған сәйкес, 6 қазан -Референдум болып бекітілді. Екі аптадай ғана уақыт қалды. Аз күнде еліміз үшін тағы бір маңызды шешім қабылданатын болады. Жалпы, бүгінгі дамыған мемлекеттің басты талаптарының бірі -энергияның тұрақты берілуі. Сол үшін де референдумда әр тұрғынның дұрыс шешім қабылдай білуі қажет. Қазақстан — болашағы жарқын мемлекет. Жарқын болашақтың энергиясы да жарық болып жанып тұруы керек.  

Ф.Курбангалиева,

Ақай ауылдық аналар кеңесінің төрайымы