Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Құрылыс кодексін жыл соңына дейін қабылдау туралы тапсырмасы – саланың жүйелі дамуына негіз болатын маңызды қадам. Қазіргі таңда тұрғын-үй құрылысы көлемі артып келе жатқанымен, сапа мәселесі қоғамда жиі сынға алынады. Сондықтан заңнамалық негізді жетілдіру арқылы құрылыс нормаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет. BIM технологиясы мен ұлттық цифрлық платформаны енгізу жобаларды жоспарлауда ашықтық пен тиімділікті арттырады. Бұл әдіс мердігерлердің жауапкершілігін күшейтіп, сапасыз материалдар мен жасырын шығындарды азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ құрылыс процесінің барлық кезеңін қадағалау арқылы тұрғындардың сенімі нығаяды. Жаңа Құрылыс кодексі қабылданса, салада ұзақ мерзімді тұрақтылық орнайды, ал цифрландыру құрылыс нарығының ашық әрі бәсекеге қабілетті болуына жол ашады.

Гүлзат Баетова
Дін және қоғаммен байланыс орталығының басшысы