Президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін цифрлық технологиялар арқылы тиімді пайдалану туралы тапсырмасы – өте маңызды әрі уақтылы бастама. Жасанды интеллект пен спутниктік мониторинг ауыл шаруашылығының дамуына жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді.
Игерілмей жатқан және заңсыз алынған жерлерді анықтап, оны нағыз еңбекқор азаматтарға беру – еліміздің ауыл шаруашылығын жандандырып, өндірісті арттырады.
Сонымен бірге, жер қатынастарының цифрлануы мен ашықтығы бюрократияны азайтып, әділдікті қамтамасыз етеді. Цифрлық карталар мен кешенді мониторинг арқылы жерді тиімді пайдалану мүмкіндігі артатыны сөзсіз.
Бұл бастамаларды толық қолдаймын! Қазақстанның ауыл шаруашылығын цифрлық дәуірге алып шығу – елдің болашағы үшін аса маңызды.
Ж.Кульниязов,
“Энергосистема” ЖШС басшысы