Президенттің бүгінгі Жолдауында ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың нақты жоспарын әзірлеу қажеттігі туралы айтқаны өте дұрыс және маңызды бастама. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту – агроөнеркәсіп кешенін жетілдірудің басты шарты.

Аграрлық ғылыми зерттеулердің коммерциялануы мен жастардың салаға тартылуы мәселелерін шешу арқылы ғана ауыл шаруашылығында нақты тиімділікке қол жеткізуге болады.

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын агротехнология хабы ретінде қайта құру – инновацияларды енгізудің, цифрлық технологияларды дамытудың жақсы мүмкіндігі. Ветеринария мен фитопатологияға ерекше көңіл бөлу арқылы өнім сапасын арттырып, экспорттық әлеуетімізді де күшейте аламыз деген сенімім мол.

И.Карасаева,
аудандық мәслихат депутаты