Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді» деген сөзі – еліміз үшін аса маңызды үндеу. Соңғы жылдары салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенімен, экономиканы әртараптандыруды жаңа деңгейге көтеру қажет екені анық байқалады.
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа өндірістердің ашылуы мыңдаған тұрақты жұмыс орындарын құрып, аймақтардың дамуына серпін беруде. Әсіресе, терең өңдеу, сирек кездесетін металдар мен жоғары технологиялық өнімдерге басымдық беру – Қазақстанды әлемдік өндіріс желісінде маңызды ойыншыға айналдыратыны сөзсіз.
Газ-химия кешендері, сұйытылған газды өңдеу жобалары мен металлургия саласындағы бастамалар – еліміздің болашақ индустриялық қуатын арттыратын стратегиялық бағыттар.
Президент атап өткендей, ең бастысы – жобаларды дер кезінде іске асыру және энергия ресурстарымен толық қамту. Бұл еліміздің өңдеу өнеркәсібін жаңа белеске шығарып, халықтың әл-ауқатын арттыруға нақты ықпал етеді.
Мәжит Диана Бауыржанқызы
Белсенді жас