Президенттің «Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарауымыз керек» деген сөзі – ел болашағына бағытталған маңызды бастама. Соңғы жылдары заңсыз активтерді қайтару арқылы бюджетке қомақты қаражат түсті, ол халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсалуда. Ендігі мақсат – Ұлттық қорды қосымша инвестиция көзі ретінде пайдаланып, еліміздің ішкі нарығында әлеуеті жоғары жобаларды қаржыландыру. Бұл қаржы тек әлеуметтік нысандарға емес, сондай-ақ экономиканы әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізуі тиіс. Қаражатты тиімді жұмсау үшін халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен инвесторларды тарту да елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Есетова Сымбат Бауыржанқызы
Жеке кәсіпкер