Мемлекет басшысының Конституцияға қатысты Ұлттық Құрылтайда айтқан пікірі өте маңызды деп ойлаймын.
Әсіресе, Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда, ел басқару мәселесінің нақты әрі әділ жолмен шешілуі – мемлекет тұрақтылығының басты кепілі.
«Қалған мерзімге» деген түсініктің нақты болмауы әртүрлі жағдайға жол ашуы мүмкін екені орынды айтылды. Сондықтан екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтуі тиіс деген норманы Ата заңда нақты бекіту – демократиялық қағидаларға сай қадам.
Ең бастысы, ел басшысы қандай жағдайда да халықтың таңдауымен, сайлау арқылы келуі керек деген ұстаным көңілге қонымды. Бұл – биліктің заңдылығы мен халық сенімінің негізі.
Мұндай норма тек бүгінгі емес, келешектегі мемлекет басшылары үшін де өзгермейтін қағида болуы тиіс деп есептеймін. Заң үстемдігі мен ашықтық – мықты мемлекеттің тірегі.
Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның тарих пәні мұғалімі Ғ.Демегенова