Азат Перуашев: Конституциялықреформа – бұл бүкіл саяси жүйені тереңқайта жаңғырту
Пропорционалды жүйе бойыншасайланатын бір палаталы Парламентке көшуҚазақстанның саяси жүйесін дамытудыңқисынды жалғасы болып табылады. Бұлтуралы Мәжіліс депутаты Азат ПеруашевКонституциялық реформа жөніндегікомиссияның үшінші отырысында мәлімдеді.
Ол өзінің саяси процестерге қатысутәжірибесі негізінде «Ақ жол» демократиялықпартиясы Мемлекет Басшысының бір палаталы Парламентке көшу жөніндегібастамасына нық қолдау білдіргенін ескесалды.
Азат Перуашевтың айтуынша, екі палаталыПарламент – бұл федералдық мемлекеттікқұрылым институты, онда Сенаттың міндеті –федерация субъектілерінің заңнамасын ұсыну және үйлестіру.
«Қазақстан бірыңғай заңдары менережелері бар унитарлық мемлекет болып табылады. Біз Шемонаихадан Форт—Шевченкоға дейін, Бескөлден Шардарағадейінгі әртүрлі аймақтардағы адамдардың өмірсүру сапасы мен мемлекеттік қызметтергебірдей кепілдік беріліп, қорғалуына ұмтыламыз. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардыңтұрғындарының мүдделері тең дәрежедесақталуы тиіс», — деді Азат Перуашев.
Ол Мемлекет басшысы бұл бағытта 2022жылы қадам жасағанын айтты: сол кездезаңдардың қабылдануы Мәжіліс құқығынажатқызылды, ал Сенатқа заң жобаларынмақұлдау немесе оларға ұсыныстар енгізуфункциясы берілді.
«Сондықтан Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаевтың қазіргі бастамасы Конституцияныңдәйекті эволюциясының логикасын көрсетеді.Сонымен қатар бұл біздің саяси жүйеміздіңжәне оның институттарының жетілуінжеделдетеді», – деп атап өтті Азат Перуашев.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда бір палаталыПарламенттің мемлекеттік билік жүйесіндегіөкілеттігін күшейту бойынша оңтайлышешімдер әзірленді.
Сонымен қатар, Конституцияда оныңмәртебесін бекіте отырып, Халық Кеңесіжоғары консультациялық органын құру туралыбастама түрлі этностар өкілдерінің билікжүйесіне қатысуын 8 есе кеңейтеді, өңірлердіңмүдделерін білдіруді бекітеді және азаматтыққоғам көшбасшыларының саяси жүйегетартылуын қамтамасыз етеді.
Партиялық тізімдер бойынша Парламентдепутаттарын сайлауға көшу бөлігінде бұлұстаным парламентаризмнің жинақталғанхалықаралық тәжірибесін көрсететінін атап өттіАзат Перуашев.
Оның пікірінше, пропорционалды жүйесайланбалы органдарда қоғам мүдделерініңкең өкілдігін қамтамасыз етеді, мықты партиялардың өсуіне ықпал етеді және саясипрактикадағы еуропалық трендтерге сәйкескеледі.
«Іске асырылып жатқан конституциялықреформа – бұл халықаралық тәжірибеге жәнепарламенттік оппозицияның көп жылдық тәжірибесіне сүйенетін бүкіл конституциялықжүйенің шын мәнінде терең қайта жаңғыруы»,– деп атап өтті Азат Перуашев.