Елдің татулығы мен бірлігі – мемлекеттің ең үлкен байлығы

 

Елдің татулығы мен бірлігі – мемлекеттің ең үлкен байлығы

Кез келген елдің тыныш өмір сүріп, дамуы ең алдымен халықтың татулығы мен бірлігіне байланысты. Ел ішінде ауызбіршілік болса, қоғамда тұрақтылық орнайды. Ал тұрақтылық бар жерде даму, өсіп-өркендеу болады. Сондықтан татулық пен бірлік – мемлекеттің ең басты тірегі.

Татулық дегеніміз – адамдардың бір-біріне түсіністікпен қарап, сыйластықта өмір сүруі. Қоғамда әртүрлі пікір, әртүрлі көзқарас болуы мүмкін. Бірақ сол айырмашылықтарға қарамастан, адамдар ортақ мақсат жолында біріге алса, елде береке болады. Қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деп бекер айтпаған.

Ынтымақ бар жерде ғана халықтың тұрмысы түзеліп, ел еңсесі көтеріледі.
Бірлік – елді қиын кезеңдерден алып шығатын күш. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз небір ауыр сынақтарды бірліктің арқасында еңсерген. Қиын заманда жұрт бір-біріне сүйеніп, бірге күресе білді. Бұл – бірліктің нағыз көрінісі.

Елімізде әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл да – елдегі бірлік пен татулықтың айқын белгісі. Бір-бірінің тілін, дәстүрін, мәдениетін құрметтеу – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Осындай сыйластық сақталған жерде достық та нығая түседі.

Сағынов Әбділда, Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары