Жаңа қоғамдық келісімнің көрінісі
Жаңартылған преамбула жаңа қоғамдық келісімді сипаттайды. Егер бұрынғы Конституция тәуелсіздіктің алғашқы кезеңін бейнелесе, қазіргiсi – орныққан мемлекетті көрсетеді. Бұл – дамудың жаңа сатысы. Халық бірлігі басты құндылық ретінде айқындалған. Бұл ішкі тұрақтылықтың негізі. Заңдылық пен әділеттілік мемлекеттілікті нығайтудың шарты ретінде көрсетілген. Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік ерекше атап өтіледі. Бұл ұзақ мерзімді ойлау мәдениетін қалыптастырады.
Конституция енді тек қазіргі емес, болашақ мүддесін де көздейді. Бұл стратегиялық көзқарастың белгісі. Мемлекет жауапты және болжамды субъект ретінде көрінеді. Бұл халықаралық беделге де әсер етеді. Ішкі саясатта тұрақтылықты күшейтеді. Қоғам өзін дамудың белсенді қатысушысы ретінде сезінеді.
Әлішер Тыныштық, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы