Құрметті жерлестер!

Бүгін ел дамуының келешегін айқындайтын маңызды мәселе – Конституциялық комиссияның жұмысы мен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған актив жиынын өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Конституцияға енгізілетін өзгерістер бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданатынын атап өткен еді. Бұл бастама күні кеше өткен Ұлттық құрылтай отырысында да қайта нақтыланып, ел дамуының маңызды бағыты ретінде айқындалды.

Конституциялық реформа – еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігін нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер халықтың тікелей қатысуымен, ашық әрі әділ форматта жүзеге асырылуда.

Бұл реформаның басты қағидаттары – ашықтық, әділдік, диалог және қоғамдық келісім. Конституциялық комиссия құрамына қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен өңір өкілдері енгізіліп, ел үшін маңызды ұсыныстар жан-жақты талқылануда.

Бүгінгі өткізген жиында мазмұнды әрі маңызды пікір алмасу болды. Көтерілген ұсыныстар мен айтылған ойлар қоғам үшін аса өзекті екенін көрсетті.

Осы орайда баршаңызды жаңа Конституция жобасын қолдауға, оның негізгі бағыттары мен маңызын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіруге, ел болашағы үшін ортақ жауапкершілік танытуға шақырамын.

Бірлігіміз бекем, болашағымыз баянды болсын!🇰🇿

Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев