*Депутат: Жаңа Конституция жобасындағы әр норма тәуелсіздікті қорғауға бағытталған*
Жаңа Ата заң жобасы тұтастай елдің егемендігіне кепілдік береді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында мәлімдеді.
Оның сөзінше, жаңа Конституцияға көшу жаңа бір тарихи кезеңге өтуге жол ашады.
— Тәуелсіздіктің тамырына балта шабуға жасалған қадамның барлығы заңнамалық тұрғыдан талқандалу керек. Жаңа Конституция жобасының 1-бабынан бастап, бүкіл 11 бөлім, 96 бабының барлығы тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени, рухани, ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік, азаматтардың ар-ождан бостандығы, территориялық тәуелсіздік, өзге елдермен қарым-қатынас — осының барлығы жаңа Конституция жобасында қамтылған. Бұл — жаңа бір тарихи кезеңнің бастауы, — деді депутат.
Дереккөз: inform.kz