Жаңа Конституция жобасын оқи отырып, өзіндік ой қалыптастырдым.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі халық екенінің нақты айқындалуы – шынайы демократияның берік негізі деп есептеймін. Бұл қағида мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Халықтың егемендіктің иесі ретінде танылуы биліктің ашықтығын, есептілігін және әділдігін қамтамасыз ететін маңызды норма болып табылады. Әрбір азаматтың дауыс беру, пікір білдіру және қоғамдық бастамаларға қатысу арқылы ел басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді.
Бұл бастама саяси мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, қоғамдағы жауапкершілік деңгейін арттырады. Сондықтан бұл норманы толық қолдаймын және оны әділетті, ашық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам деп бағалаймын.
Ш.Жұмадулла,
жас белсенді