Жаңа Конституция жобасы – бұл еліміздің жаңаруына, қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп санаймын.
Ұсынылып отырған жобада мемлекеттің басты құндылығы – адам екені айқын көрініс табады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің нақтылануы халықтың заңға деген сенімін арттырады. Заң үстемдігін күшейту арқылы қоғамда тәртіп пен тұрақтылық орнығады.
Сонымен бірге, жекеменшік пен кәсіпкерлікке берілетін кепілдіктер экономикалық белсенділікті арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр азаматтың өз еңбегімен табыс табуына жағдай жасау – елдің өркендеуінің негізі.
Цифрландыру кезеңінде азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарының қорғалуы да аса маңызды. Бұл – заман талабына сай жаңашыл әрі алға бағытталған шешім.
Менің ойымша, Жаңа Конституция – болашаққа сенімді қадам, ел бірлігін нығайтып, дамудың жаңа кезеңіне бастайтын тарихи мүмкіндік. Сондықтан оны қолдау – ортақ жауапкершілік.
М.Бекназар,
жас белсенді