Жаңа Конституция жобасы – бұл ел тағдырына бейжай қарамайтын әр азаматтың саналы таңдауы деп ойлаймын. Өйткені ұсынылып отырған өзгерістер қоғам сұранысына жауап беріп, мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға бағытталған.

Жоба мазмұнында әділеттілік, заң үстемдігі және жауапты басқару қағидаттарына басымдық берілген. Бұл – билік пен халық арасындағы сенімді арттырып, ашық әрі тиімді мемлекеттік жүйе қалыптастыруға негіз болады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің нақтылануы – ең маңызды қадамдардың бірі. Әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті жоғары құндылық ретінде айқындалуы қоғамның демократиялық бағытта дамуына жол ашады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік еркіндік пен жекеменшікті қорғау нормалары экономикалық тұрақтылыққа оң әсер етеді. Бұл – жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ететін маңызды фактор.

Қорытындылай келе, Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын стратегиялық құжат. Оны қолдау – бірлік пен болашаққа деген сенімді нығайту деп білемін.

Алишер Сапаров,

жас белсенді