Конституция преамбуласын жаңарту – ұлттық мемлекеттілікті нығайтудың маңызды қадамы

Конституция преамбуласын жаңарту мәселесінің көтерілуі – конституциялық реформаның маңызды әрі мазмұнды бағыттарының бірі. Преамбула – жай ғана кіріспе емес, мемлекеттің құндылықтары мен стратегиялық ұстанымдарын айқындайтын идеялық негіз. Онда елдің тарихи сабақтастығы, ұлттық болмысы және болашаққа бағытталған даму бағдары көрініс табады. Үнзила Шапақтың пікірінше, бұл өзгерісті қарапайым редакциялық түзету ретінде бағалау жеткіліксіз, өйткені ол ұлттық мемлекеттілікті күшейтуді көздейтін саяси әрі рухани мәні бар қадам.

Мемлекет басшысының преамбулада ұлттық құндылықтарды негізге алу қажеттігін атап өтуі – осы бағыттың маңызын айқындай түседі. Қазақ жерінен бастау алған мемлекеттілік дәстүрін көрсету – тарихи сабақтастықты танудың және ұлттық сананы нығайтудың бір жолы. Сонымен бірге, жаңартылған преамбула қоғамды ортақ мақсатқа біріктіріп, ел дамуының негізгі бағдарын айқындауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бастама жан-жақты талдауды қажет ететін, елдің идеялық бірлігін күшейтуге бағытталған маңызды кезең болып саналады.

Әйгерім Жарылқасын,

жас белсенді