BrAIn Teachers – Жасанды интеллект мұғалімдер клубы ашылды
№3 Алға қазақ орта мектебінде ағымдағы жылға жоспарланған апталық аясында білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу, цифрлық сауаттылықты арттыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында «BrAIn Teachers» атауымен жасанды интеллект ұстаздар клубы ашылды.
Бәрімізге белгілі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, Жарлыққа қол қойды. Жыл басталғалы бері елімізде осы атаулы жыл аясында көптеген маңызды іс-шаралар өткізіліп, шешімдер қабылдану үстінде. Бұл нақты қадам еліміздің білім беру саласында да цифрландыруды кеңейтуге бағытталған.
Осындай маңызды шаралардың легін алғалық ұстаздар бастап, білім беру саласындағы жаңашылдыққа қадам басты. Аталмыш клубтың мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, сабақ кезінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданып, шығармашылық пен инновациялық идеяларды дамытып, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыруға негізделген. «BrAIn Teachers» клубында жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, жаңа жобалар жүзеге асырылып, шеберлік сағаттары, практикалық тренингтер, тәжірибе алмасу кездесулері ұйымдастырылады деп күтілуде.
Қазіргі дамыған цифрлық дәуірде жасанды интеллект технологиялары білім беру саласына қарқынды еніп келеді. ЖИ көмегімен дайындалған сабақтар оқушылардың қызығушылығын оятып, оқыту процесін өзгертіп, білім берудің әдіс-тәсілдерін жаңартып, білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Жаңа клубтың төрайымы, директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары — Абдрахманова Гүлжахан Маратқызы. Клуб құрамында 10 педагог бар. Олардың барлығы ЖИ біліктілік курсынан өткен. Клубтың жоспарына сәйкес алдағы уақыттағы отырыстарға тек ұстаздар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен балалар да қатысатын болады.
«BrAIn Teachers» клубының ашылу салтанатында № 3 Алға қазақ орта мектебінің педагогтері «Жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа құрал: NotebookLM мүмкіндіктері» тақырыбында Баймолда Жәмиля Амангелдіқызы, «Жасанды интеллект – заманауи мұғалімнің көмекшісі» тақырыбында Усенов Жандарбек Асылбекұлы, «ЖИ шығармашылықта қолдану» тақырыбында Ақжүніс Жомартқызы, «Clido» керібайланыс тақырыбында Ниязов Манас Серікұлы педагогикалық алаңын өткізіп, қызу талқыланды.
Білім сапасын арттыруға және педагогтердің жұмыс жүктемесін азайтуға бағытталған клубтың жұмысына сәттілік, жаңа белестер тілейміз!
Марал ЖАЛҒАСҚЫЗЫ