«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның жаңа Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясының мүшелері Ақай тұрғындарымен кездесу өткізді.

Бүгін коалиция мүшелерінің Ақай ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты талқыланды. Әсіресе 3-бапқа ерекше назар аударылды. Аталған бапта адами капиталды, білім беру, ғылым және инновацияларды дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде айқындалған. Бұл — білім мен кәсіби өсуді табиғи ресурстардан жоғары қоятын маңызды әрі уақыт талабына сай қадам.

Жаңа Конституция жобасының 21-бабы да ерекше қызығушылық тудырды. Онда алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау конституциялық деңгейде бекітілген. Бүгінде өміріміз бен жұмысымыздың, қарым-қатынасымыздың едәуір бөлігі онлайн кеңістікте өтетінін ескерсек, мұндай нормалардың маңызы зор. Енді жеке деректер мен цифрлық активтерді қорғау ең жоғары құқықтық мәртебеге ие болады. Бұл еліміздің цифрлық кеңістігінің қауіпсіз әрі айқын ережелер негізінде дамуына, сондай-ақ онлайн-кәсіпкерліктің өркендеуіне берік негіз қалайды.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсынылған өзгерістердің практикалық маңызын талқылап, пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері бойынша түсіндірме ақпараттық материалдар таратылды.

#референдум #референдум2026 #жаңаКонституция #новаяКонституция #АтаЗаң