Өнерлі жұптың дауысы
Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актерлері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Шынтас Омаров пен Айнагүл Өлмесекова №42 мектеп ғимаратында орналасқан №12 референдум учаскесінде дауыс берді.
Өнерлі жұп ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділік танытты.
— Бүгін еліміздің болашағы үшін өте маңызды тарихи сәт. Ата заңымызға қатысты таңдау жасайтын жауапты күн. Сондықтан мемлекетіміздің, отбасымыздың және балаларымыздың болашағын ойлап, референдумды қолдап, отбасымызбен келіп өз таңдауымызды жасадық, — деді Шынтас Омаров.
Ерлі-зайыпты қос актердің айтуынша, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге ешкім бейжай қарамауы тиіс.