Алға қаласында көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын тауып келеді. Бұл алғалықтардың көңіліне қуаныш сыйлайды. Кезінде түнеріп тұратын көшелерден еш көрініс қалмағандай. Қала көшелері бірінен-бірі қалыспай, мен мұңдалап тұр.
Міне, биыл қаламыздың «Qazaq Oil» жанар жағар май бекетінен «Акроспищепром» ЖШС-не дейін Көкжар көшесіне шамдар орнату жұмыстары жүргізілуде.
- Қала бойынша жарығы жоқ учаскелерді шағын аудандарды аралау кезінде, сондай-ақ, тұрғындардың өтініші мен әлеуметтік желідегі посттардың мониторингі нәтижесінде анықталады. Көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл процесс кезең-кезеңімен жүргізілуде, — деді Алға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Медет Ағниязов.
Бүгінгі таңда жер жұмыстары мен кабель желілерін орнату жұмыстары атқарылып, ендігі кезекте бағаналарды орнату қолға алынуда. Мұндай игі іс, ең алдымен, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелерін сақтау үшін, сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында қажеттілік ететін маңызды жоба.
P.S: Айта кетейік, келісім-шарқа сәйкес жұмыстар құны 88,55 млн.теңгені құрайды. Жобаның орындалу мерзімі 4 ай. Бүгінде жұмыстың 45% атқарылды. «ЕРКЕН и К» ЖШС-мен жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес аяқталады деп күтілуде.
Гүлім Кенешова