Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік
Су тасқыны — қардың еруі немесе жаңбырдың құюы, дамбаларды қоршап тұрган қақпалардың қирауы, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі және жердің қозғалуы салдарынын болады.
Су тасқындарының негізгі себептері:
- көктемгі су тасуы кезінде судың мол құйылуы, қар мен мұз айдындарының еруі;
- Нөсерлі жаңбырлар;
- Өзен сағасындағы және теңіздің жиегіндегі желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;
- Өзен арнасының мұзбен немесе бөренелермен жабылып қалуы;
- Өзен арнасының ішкі мұзбен тығындалуы;
- Гидротехникалық құрылыстардың қирауы;
- Су ағысы алқаптарындағы көшкіндер мен үйінді тастар;
- Жер асты суларының жер қабатының бетіне кенеттен шығуы.
Қазіргі уақытта су тасқынымен күресу арнасының бөлек учаскесінде емес, барлық өзен су алаптарында жүргізілу керек деп есептелінеді. Бәрінен бұрын, су ағыны біркелкі болуы керек. Бүгінгі күні су тасқындарының барлық түрлеріне жеткілікті дәрежеде болжам жасауға болады. Су тасқынының ерекше үлгісіне өзендердің сағаларындағы желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі жатады. Су тасқындары көпірлерді, жолдарды, ғимараттарды, құрылыстарды қиратып, едәуір материалдық нұқсан келтіреді, адамдар мен жануарлардың өліміне әкеледі.
Ғимараттар мен құрылыстарға сеңнің, әртүрлі мұз сынықтарының үлкен жылдамдықпен жүзіп келе жатуы, су салмағының гидравликалық соққыларының әсері қиратулардың негізгі себебі болып табылады. Су тасқындары кенеттен пайда болып, бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Қар мен жаңбыр суларының жолдарына бөгет жасауға ағаштарды отырғызу көмектеседі. Нәтижесінде көктемгі су тасқынының болу мүмкіндігі төмендейді.
Су тасқыны кезінде не істеу керек?
- кідірместен қауіпсіз ауданға немесе аймақтың ең биік жеріне барыңыздар;
- өздеріңізбен бірге құжаттар мен керекті заттарды алып, оларды су өткізбейтін пакетке салыңыздар, сонымен қатар бұзылып кетпейтін тамақ өнімдерінің екі күндік қорын да алуды ұмытпаңыздар;
- үйден шығарда электр қуаты мен газды өшіріп кетіңіздер;
- егер уақыттарыңыз болып жатса, үлкендерге үйдің бағалы заттарын жоғарғы қабаттарға немесе түрғын үй шатырының астына апаруға көмектесіңіздер;
- көмек келгенге дейін немесе судың басылуына дейін жоғарғы қабаттарда және ғимараттардың шатырларында немесе басқа да биік жерлерде болыңыздар.
Мұнымен қатар апат дабылын беріп тұрыңыздар:
- күндіз — көзге түсетін шүберекті ағаш сапқа іліп алып, қайта-қайта бұлғап тұрыңыздар;
- түнде — жарық дабылын беріп тұрыңыздар және оқтын-оқтын айқайлап дауысыңызды шығарып тұрыңыздар;
- басқа жағдайларда — от жағыңыздар, жалау көтеріңіздер, автокөліктің дыбыс дабылын қолданыңыздар және т.б.
- құтқарушылар келген кезде үрейсіз және әбігерліксіз, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралына барыңыздар.
Мұнымен қатар құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз орындаңыздар.
Су басып қалған ауданнан мына себептер болған жағдайда ғана өз бетінше шығуға болады:
- медициналық көмек көрсету қажеттілігі;
- жоғарғы қабаттарды (шатырлардың астыларын) су басып қалу қаупі кезіндегі су деңгейі көтерілуінің жалғасуы;
- сонымен қатар сіздердің сенімді жүзу құралдарыңыз болуы керек және сіздер жүзу бағыттарыңызды білулеріңіз керек. Матадан жасалған қапты бос пластикалық бөтелкелермен толтырып, қолдан жүзу құралын жасауға болады. Егер сіздер суда болсаңыздар, онда суға батпайтын кез келген заттардан ұстаныңыздар;
- апат дабылын беруді тоқтатпаңыздар (қол шам, ысқырғыш);
- егер сіздерді судан алып шықса, міндетті түрде киімдеріңізді сығып, қайтадан киіп алыңыздар. Өздеріңізді суықтан сақтаңыздар!
Су тасқынынан кейін не істеу керек?
- Ғимаратқа кірмес бұрын, оның құлау немесе қандай да болмасын заттардың құлау қаупі бар ма жоқ па, соны тексеріңіздер;
- ғимараттың ішін желдетіңіздер (жиналған газ иістерін жою үшін);
- электр жарығын қоспаңыздар, ашық от көздерін қолданбаңыздар, үйдің ішін толық желдеткенге дейін және газбен жабдықтау жүйесін тексергенге дейін сіріңке жақпаңыздар;
- үлкендерден электр жабдықтарын, газ, су құбырларын тексеруді сұраңыздар. Мамандардың тексерісінен кейін ғана оларды қолданыңыздар;
- бөлмелерді кептіру үшін барлық есіктер мен терезелерді ашып тастаңыздар, еден мен қабырғаларды батпақтан тазалаңыздар, суды ағызып жіберіңіздер. Тұрып қалған шалшықтарға құрамында хлор бар сұйықтықтарды құйыңыздар.
Табиғи апаттар аяқ астынан туындағанымен, оның салдарын азайту көп жағдайда адамдардың дайындық деңгейіне байланысты. Қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдай қызметінің нұсқауларын орындау және сабырлық таныту – қауіпті жағдайдан аман шығудың негізгі жолы. Әрбір тұрғын табиғат құбылыстарына бейжай қарамай, сақтық шараларын алдын ала ойластырса, қауіптің алдын алуға болады. Өйткені қауіпсіздік – тек мамандардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Алға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі