Қауіпсіздіктің цифрлық сүзгісі: Freedom Travel қосымшасында жолаушыларға арналған профилактикалық ескерту пайда болды
Бас көлік прокуратурасы көлік инфрақұрылымы нысандарында құқық бұзушылықтың алдын алудың цифрлық құралдарын енгізуді жалғастыруда.
Осы жұмыс аясында Freedom Travel қосымшасында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық профилактикалық хабарлама іске қосылды.
Freedom Travel — күн сайын мыңдаған жолаушы қолданатын, әуе және теміржол билеттерін сататын танымал сервистердің бірі. Енді билет рәсімдеу кезінде пайдаланушыларға суық қару мен атыс қаруын заңсыз сақтауға, тасымалдауға және алып жүруге тыйым салынатыны туралы ескерту көрсетіледі.
Билет сатып алу кезеңінде мұндай хабарламаны орналастыру азаматтардың назарын заңнама талаптарына алдын ала аударуға және көлік нысандарына келгенге дейін құқық бұзушылық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұл бастама профилактикалық жұмыстардың ауқымын кеңейтуге, халықты уақтылы ақпараттандыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Цифрлық формат ақпараттың тәулік бойы және пайдаланушының тұратын өңіріне қарамастан қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
Бас көлік прокуратурасы