Инвесторлар мен мамандарға жол ашық: Қазақстан көші-қонды өзгертеді
Үкімет көші-қон саясатын жаңартып, инвестиция мен білікті кадр тартуды күшейтпек.
Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент Жарлығын жүзеге асыру аясында көші-қон саясатына енгізілген жаңа тәсілдерді түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZҮкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет әкімшілік бақылаудан инвестициялар үшін ашық әрі икемді орта қалыптастыруға және жоғары білікті кадрларды тартуға бағытталған сервистік модельге көшуде.
«Алтын виза» тетігі енгізілуде, сондай-ақ тапшылығы бар, жоғары технологиялық салалар үшін біліктіліктерді тану рәсімдері жеңілдетіліп, «бір терезе» қағидаты бойынша барлық процестер толық цифрландырылуда.