ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Рәміздерге деген құрмет – азаматтың өз елінің перзенті екендігін қаншалықты деңгейде түйсінуін, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімінің өлшемі.
Мемлекеттік рәміздер күні Тамды ауылында биіктігі 22 метр болатын мемлекеттік Ту тұғыры орнатылды. Көк байрақтың ауыл төрінде асқақтап тұруына себепші болған 2004 жылғы Тамды орта мектебінің түлектері. 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер мемлекеттік рәмізді өз қаражатына орнатқан.
Ту тұғырының ашылу салтанатында Тамды ауылдық округінің әкімі А.Сейдалиев сөз алып, туған жерге тағзым еткен мектеп түлектеріне өз алғысын білдірді.
Түлектердің атынан сөз сөйлеген Бекзат Кошетов пен Айнұр Аккойшина келесі жылы 20 жылдықты тойлайтын түлектерге Ту тұғырының қасына ҚР Әнұраны мен Елтаңбасын орнату үшін эстафета жолдады.
Мәншүк ӨМІРХАНҚЫЗЫ