«КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Көңілді мәре» атты эстафеталық сайысы өтті. «Заң және тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған сайысқа колледждің 1-курс оқушылары қатысты.
Бірнеше кезеңнен тұрған жарыста қатысушылар жылдамдыққа жүгіру, доппен жарысу, топтық эстафеталар сынды түрлі спорттық тапсырмаларды орындады. Әр топ өзара ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, жарыс ережелерін сақтауға ерекше мән берді. Білім алушылар өздерінің физикалық дайындығын көрсетіп қана қоймай, топпен жұмыс істеу дағдыларын да дамытты.
Аталған іс-шара білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, достық қарым-қатынасты нығайтуға,
құқықбұзушылықтың алдын алуға және жағымды психологиялық орта қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан топтар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.