Шегірткеден келген шығын қандай?

 Күн жылыса егіншілерді әбігерге салатын шегіртке мәселесі, биыл да жалғасуда. Көршілес Хромтау ауданынан келген зиянкес бірте-бірте ауданымыздың шаруаларына таралуда. Мамандардың берген болжамына сүйенсек, жағдай тұрақты. Бұл жағдай жергілікті шаруаларды алаңдатып отырғаны айдан анық. Зиянкестердің жуық арада көзі жойылмаса, мал жайылатын жерлері тақырға айналып, егіс алқаптары өнім ала алмау қауіпіне ұшырауы мүмкін.

Бүгінде аса қауіпті саналатын итальяндық пен саяқ шегірткесі ауданымыздың 8 ауылдық округінде тіркелген. Мәселенің мән жайын анықтау мақсатында Алға аудандық ауылшаруашылық, жер қатынастары мен кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мәулен Ідрісовті сөзге тартқан едік…

  • Үйірлі шегіртке – өте қауіпті зиянкестерге жатады. Жер-жерде ен далаға жайылып кеткен зиянкестер жайылымдарды отап жатыр деген хабарды құлағымыз әлеуметтік желілерден, жаңалықтардан шалып жатыр. Алға ауданына келер болсақ, егістік алқаптарын зерттеген мамандар бүгінгі таңда жағдай тұрақты деп сендіруде. Жалпы, зиянкестер қайдан, қалай өңірімізге келгені, оған қарсы қандай іс-шара ұйымдастырылып жатқаны жөнінде толығырақ тарқатсаңыз?
  • Республикалық әдістемелік орталығының анықтауы бойынша мамыр айының 13 күні Тоқмансай ауылдық округі «Мұрат» шаруа қожалығының ауылшаруашылық жерлерінде итальяндық шегіртке дернәсілдерінің алғашқы шығуы байқалды. Бүгінгі күнге италиялық шегіртке дернәсілдерінің басым бөлігі 3 жас 6%, 4жас 76%, 5жас18% құрайды. Аудан бойынша тексерілген аумақ 102647 га. Оның ішінде италия шегірткесінің анықталған аумағы 61418 га, Э.З.Ш-дан асқаны 40635 га. Бүгінде 39570 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Италия шегірткесі дернәсілдеріне қарсы Тоқмансай а/о — 13896 га, Бесқоспа  а/о  —   9049 га, Қарағаш а/о — 4207 га, Бестамақ а/о — 3194  га, Тамды а/о — 2599 га, Қарабұлақ а/о — 2131 га, Үшқұдық а/о — 2142  га алқап химиялық өңдеуден өтті. Алға  ауданы бойынша, мердігер мекеменің 7 дана УАЗ (УМО) , 1ГАРД автокөліктері жұмылдырылды. Қолданыстағы улы химикаттар: Эсперо.

Саяқ шегірткелерді улау жұмыстары Алға ауданы бойынша 2024 жылғы №24 келісім шартқа сәйкес «Ақтөбе Құнарлылық» ЖШС мекемесімен жүзеге асырылды. 2600 га аумақ жоспарланған болса, зиянке

стердің тез таралу қауіпінен қосымша әдістемелік орталықтан дабылдық хабарлама арқылы 2500 га сұраныс жасалды. Сонымен, химиялық өңдеуден өткен алқап 5100 га құрады.

  • Бүгінгі таңда А
  • лға аудандық әдістемелік орталығының болжамы қандай?
  • Алға ауданы шығысында Бесқоспа, Тоқмансай ауылдық округтері арқылы Хромтау ауданының Табантал ауылдық округінің жерлерімен шекараласады. Табантал ауылдық округінің Тоқмансай ауылдық округімен шектес теміржолдың бойы, Бақай станциясының айналасында италиялық шегіртке дернәсілдерінің бірнеше ошақтары байқалып, улау жұмыстары жүргізілуде. Мұғалжар ауданы мен Тоқмансай ауылдық округінің шекаралас жерлерінде ошақтар байқалған жоқ. Оңтүстігімізде Тамды ауылдық округімен шекаралас Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылының маңында бірнеше ошақтар анықталды. Қазіргі таңда улау жұмыстары жүргізілуде. Оңтүстік батысымызда Сарықобда ауылдық округі Темір аданының Ақсай ауылдық округімен шекаралас орналасқан. Темір ауданымен шекаралас алқаптарда да италиялық шегіртке дернәсілдерінің ошақтары анықталды. Улау жұмыстары жүргізілу үстінде. Мұғалжар ауданының Еңбек ауылымен шекаралас жерлерде де ошақтар

    анықталып улау жұмыстары жүргізілуде. Ауданымыздың батыс және солтүстік батысында орналасқан Ақай, Сарықобда, Маржанбұлақ ауылдық округтерінің Хобда ауданымен шекаралас жерлерінде италиялық шегіртке дернәсілдері байқалған жоқ. Алға ауданына италиялық шегірткенің ұшып келу қаупі Хромтау, Темір, Мұғалжар аудандарынан болуы мүмкін деген болжам бар. Осы тұста, жоспардан тыс 5000 га алқапты химиялық өңдеуге сұраныс беріліп, 400 литр «Эсперо» препараты алынды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Алға ауданы бойынша жағдай тұрақты.

  • Мәселенің мән-жайын ашып айтып бергеніңіз үшін рахмет. Берілген ақпарат ауданымыздың тұрғындарына пайдалы болды деген сенімдеміз.

Сарапшылардың айтуынша, жәндіктердің көбеюі көктемнің кеш келуі және маусым айының алғашқы онкүндігінің салқын болуы кедергі келтірген. Дегенмен, егістік алқаптарын зерттеген мамандар шегірткелердің дернәсілдері анықталған ошақтары толықтай жойылғанын, қазіргі таңда жайылым мен егін алқаптарына қауіп төнбейтінін айтып отыр. Алға ауданында орналасқан барлық егістік алқаптар бақылауға алынған.

 

Әңгімелескен,

Мадина ТАЖИБЕКОВА