Сайлауға дайындық – заңдылық пен ашықтық негізінде
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында Алға ауданында сайлаушылармен түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан бойынша 34 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Жалпы сайлаушылар саны – 26 313 адам.
Дайындық жұмыстары барысында «Әділет» партиясы Ақтөбе облысы Алға аудандық филиалының төрағасы Н.Жаумытбаевпен және аудандық «Жұлдыз–Звезда» газетінің тілшісі Ж.Сағымбаевамен кездесу өтті.
Кездесуде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің заңмен белгіленген тәртібі, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау науқанын объективті әрі бейтарап жариялаудағы рөлі мен жауапкершілігі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету – барлық қатысушыларға ортақ міндет екені атап өтілді.