. Қазақ тарихында құрылтайлар ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер талқыланатын ортақ кеңес болған.

Бүгін бұл атау жаңа саяси кезеңмен сабақтасып отыр. Алдағы сайлау нәтижесінде бес жыл жұмыс істейтін жоғары өкілді органның құрамы қалыптасады.

Бұл жерде ең маңыздысы – әр азаматтың пікірі ескеріледі. Өйткені өкілді орган халықтың сенімі арқылы жасақталады.

Сондықтан сайлауға тек саяси науқан ретінде емес, қоғамның болашағына ортақ жауапкершілік ретінде қараған дұрыс деп есептеймін.

Еліміздің дамуына бейжай қарамайтын әр адам үшін бұл маңызды оқиға.

#Құрылтай #Сайлау2026 #Болашақ

Естай Сисенбаев,

облыс мәслихатының депутаты