«Жасыл ел» жігерлендіреді 

«Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асқанына да биыл 19 жыл. Еліміздегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, еңбекке баулу, жұмыссыздықты жою, үлкен өмірге қадам басуға дайындайтын мақсаты бар бұл жобаның әлі де берері көп. Өйткені, қаншама жылдардан бері жастарымыз уақытша маусымдық жұмысты жасай отырып табыс тауып, ата-аналарына артық салмақ түсірмей келеді. Сонымен қатар әркім өздері тұратын мекендерінің тазалығына, гүлденуіне үлес қосып келеді.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмыс Алға ауданында құрылыс және абаттандыру бағыты бойынша жүреді. Жұмыс беруші «Атамекен» ҚР ҰКП Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы Алға ауданының филиалы арқылы екі жақты келісімшартқа отырған. Сонымен бірге өзге де ЖШС, жеке кәсіпкерлерден де жұмыстар ұсынылады. Жалақы мөлшеріне келетін болсақ, кәмелет жасына толмаған балалар үшін 150 мың теңгені, ал 18-ден асқандар үшін 159 мың теңгені құрайды. Жалақының 50%-ын жұмыс беруші, 50%-ын «Атамекен» палатасы төлейді. Сондай-ақ, шартқа сәйкес зейнетақы аударымдарын теңдей екі жақ та төлеуге міндетті. Алдағы уақытта 16 мен 35 аралығындағы жастарды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Биыл «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша оқушы, студенттерді жұмыспен қамтып қана қоймай, NEET санатындағы жастарды, яғни жұмыссыз жастарды 1 айға жұмыспен қамту жоспарлануда.

 

«Жасыл ел» қатарында жұмыс жасау үшін төмендегі критерий бойынша қабылданады:

  • көпбалалы отбасы болса;
  • толық емес отбасы болса;
  • мүгедек бала асырап отырған отбасынан болса;
  • мүгедек ата-анасы болса.

Осындай критериийге сай келген жастар мен балаларды кезексіз жұмысқа қабылдау жүріп жатқандығын хабарлаймыз. Жыл басынан бері Алға ауданында «Ж

асыл ел» бойынша жазғы маусымдық жұмысқа 35 бірлік берілген болатын. Алға ауданы бойынша маусым айында ЖК «Кусмамбетовте» 3 бала жұмыс жасаса, шілде айында 25 бала жазғы маусымдық жұмыспен қамтылды. Оның ішінде:

1) «ТОО Пегас Мунай» — 5 бала көгалдадыру бағыты бойынша;

2) «ТОО Еркен и К» — 3 бала жаяу жүргінші жолдарын жөндеу жұмыстарына;

3) «ТОО Бақорда» — 4 бала аурухана асханасының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

4) «ТОО Алихан ойл 3» — 5 бала В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

5) ТОО «Астана Энерго» — 2 бала асфальттау жұмыстарына;

6) ТОО «Ден Групп» — 2 бала асфальттау жұмыстарына;

7) Бестамақ ауылдық округі  «ЖК Достан» — 4 бала көгалдандыру жұмыстарына тартылған.

Тамыз айына15 баланы жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.

P.S: Бойында еңбек етуге деген құлшынысы, ниеті бар жастар үшін алдынан қашан да жол ашылары анық. Жастарымыз жазғы демалыстарын бос өткізбей, өз қажеттіліктеріне еңбек етіп қаражатты тауып жатса нұр үстіне нұр. Осы орайда, жастарды еңбекқорлыққа, патриоттық сезімге тәрбиелейтін, болашаққа жігерлендіретін «Жасыл ел» бағдарламасының маңызы зор демекпіз.

Марал Жалғасқызы