Сайлау туралы айтқанда, мен ең алдымен еркін таңдау мәселесіне тоқталғым келеді.

Screenshot

Дауыс беру адамның өз шешімі. Азамат қай партияны қолдайтынын немесе мүлде қолдамайтынын өзі анықтауы тиіс. Бұл таңдауға қысым, мәжбүрлеу, сатып алу немесе басқа да заңсыз ықпал араласпауы керек.

Бірақ еркін таңдау тек «өзім шештім» дегенмен бітпейді. Саналы таңдау үшін адамда ақпарат болуы қажет.

Партиялардың бағдарламасын оқу, олардың нақты ұсыныстарын салыстыру, пікірталастарды тыңдау, уәделердің қаншалықты орындалатынын бағалау — сайлаушының өз жауапкершілігі.

Сол сияқты саяси күштердің де жауапкершілігі бар. Олар қоғамға түсінікті тілде сөйлеп, нақты ұсыныстарын көрсетуі керек.

Сайлаудың шынайы құндылығы азаматтың ешкімнің қысымынсыз, ақпаратқа сүйеніп, өз шешімін қабылдауында.

Меніңше, мықты демократиялық мәдениет дәл осы жерден басталады.

Ақжайық Жомартұлы,

аудандық жастар ресурсының басшысы