Жыл басынан бері қанша шаршы метр тұрғын үй салынды?

Бұл сұраққа жалпыұлттық онлайн-марафон барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев жауап берді.

«Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2026-2029 жылдар аралығына 13,1 трлн теңге қаражат тартылады деп болжанып отыр. Оның ішінде 86 мың шақырым инженерлік желілерді жаңарту үшін 6,8 трлн теңге қаражат жұмсалады. Бұдан бөлек, сумен жабдықтау және суды бұруға биылдың өзіне өңірлерге 209 млрд теңге бағытталған. Жаңа мөлтек аудандарға инженерлік желілерді тартуға 98 млрд теңге қарастырылған. Ал 7 айдың қорытындысы бойынша елімізде 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 20,4 млн шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр», – деді Қанат Мыңбаев.