Алға ауданына қарасты Үшқұдық ауылдық округінің Жерұйық ауылында тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысып, бір уақытта сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Бұл игі бастама ауылдағы қарапайым отбасының ұсынысынан бастау алған. Ауыл тұрғыны Диана есімді келін өз атасына ауыл тұрғындарын бірлесе дауыс беруге шақыру жөнінде ұсыныс білдірген. Аталған бастаманы ауыл тұрғындары жылы қабылдап, қолдау көрсетті.
Нәтижесінде тұрғындар белгіленген уақытта бір жерге жиналып, ұйымшылдық таныта отырып, азаматтық таңдауын жасады. Бір уақытта дауыс беру – ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының айқын көрінісі.
Жерұйық ауылының тұрғындары осындай бастама арқылы ел өміріндегі маңызды қоғамдық шараларға белсенді қатысудың, өз таңдауын жасаудың және азаматтық жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын көрсетті.
Ауыл тұрғындарының бірлігі мен өзара қолдауы – елді мекеннің береке-бірлігін айшықтайтын жақсы үлгі.