«Әділет» партиясының ұйымастыруымен өтіп жатырған «Мектепке нық қадаммен!» акциясы аясында партияның аудандық филиалының ұжымы бірқатар мектеп оқушыларына мектеп формасы мен оқу құралдарын табыстады.

Аталмыш акция ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүгедектігі бар балалардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, материалдық қиындықтары бар отбасылардың балаларының мәселелеріне қоғамның назарын аудару және жаңа оқу жылына дайындалу барысында қолдауды қажет ететін балаларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен және мектеп формасымен қамтылады.

Әділет» партиясы Алға аудандық филиалы