Цемент зауытының құрылыс жұмысы талқыланды
Алға химия зауытының (ескі «Нитрохим» ЖШС) аумағында жаңа өндіріс орнын салу жобасы бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға аудан әкімі Нұрбол Бақытжанұлы, «AqtobeCem» ЖШС бас директоры Станислав Александрович және аудан тұрғындары қатысты.
«AqtobeCem» ЖШС бас директоры Станислав Щербаков зауыт жаңа технологиялармен жабдықтыла отырып, осы бағыттағы заманауи әрі қалдықсыз кәсіпорынның бірі болатынын атап өтті. Құрылыс жұмыстарына 1000 адам тартылады деп көзделсе, жоба іске қосылған соң 567 адам жұмыспен қамтылатыны және жұмысшылардың кадр қызметкерлерінің жалақысы 500 мың теңге, қызметкерлер жалақысы 340 мың теңге, ал қосалқы қызметкерлердің айлығы 180 мың теңге болатыны айтылды. Негізінен жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады деп айтылды.
Жаңа өндіріс жобасымен танысқан тұрғындар өз тарапынан бірқатар сұрақ қойды. Мәселен, ауаның ластануы, жарыққа, суға қатысты сұрақтар қойылды. Көтерілген сұрақтарға жауапты өкілдер нақты жауап берді.
Станислав Щербаковтың айтуынша, «AqtobeCem» ЖШС жаңа технологиялық шешімдері мен экологиялық таза әдістері ауаның ластануын айтарлықтай төмендетуге бағытталған. Заманауи технологиялар мен қалдықсыз өндіріс жүйелері қолданылғандықтан, зауыттың шығарындылары мен ауаның ластануы минималды деңгейде болады.
Зауытта қолданылатын фильтрация және катализаторлық жүйелер ауадан зиянды заттарды тиімді түрде ұстап қалуға мүмкіндік береді. Әсіресе, бөлшек ұнтақтардың таралуы мен шаңды ұстап тұру үшін жоғары технологиялық сүзгілер мен электромагниттік жүйелер орнатылады. Сонымен қатар, қосымша жылу мен шығарындыларды қайта өңдеу арқылы энергияны тиімді пайдаланумен қатар, экологиялық әсерді азайтуға қол жеткізіледі.
Осы шаралар мен технологиялар арқасында, зауыттың жұмысынан кейін ауа сапасы жоғары деңгейде сақталады. Бұл кәсіпорынның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін және экологиялық стандарттарға сәйкестігін көрсетеді деп жауап берілді.
Мәншүк САПАРОВА