Президент Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеретін комиссия құрды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне кешенді тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады.

Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеретін комиссия құрылды

— Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын, — делінген құжатта.

Комиссия құрамы:

  • Балаева Аида Ғалымқызы — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
  • Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
  • Жиенбаев Ержан Нұрланұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
  • Элиманов Жанат Қалдыбекұлы — Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
  • Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;
  • Тәкиев Мәди Төкешұлы — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
  • Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы — Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
  • Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
  • Әмрин Азамат Кемеңгерұлы — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндауға тиіс.

Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқанын хабарлағанбыз. Үш әскери қызметші құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.

Кейіннен Каспийде қаза болған әскери қызметшілердің саны 12-ге жетіп, екеуі іздестіріліп жатқаны хабарланды.

Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады.

Әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын жаздық.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Әскерилердің қазасынан кейін Ақтауда үш күнге жоспарланған мерекелік шаралар өтпейтіні айтылды.

Бүгін Каспийде екі әскери қызметшіні іздеу операциясына жүздеген адам жұмылдырылғаны хабарланды.

Сонымен қатар әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар күдікке ілінгені туралы жазған едік.

Айта кетелік Каспийдегі төтенше жағдайдан кейін құтқарылған әскери қызметші есін жиған еді.

Бүгін Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылып, іздестіру операциясы аяқталған еді.

Сонымен қатыр Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына байланысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр.

Қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды.