Азиада-2026: Әбиба Әбужақынова күміс жүлде жеңіп алды
НАГОЯ.KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта ақтық сында қазақстандық спортшы жапониялық Мицуки Кондомен белдесті.
Қортындысында Әбиба қарсыласына иппон әдісімен жол беріп, күміс жүлде еншіледі.
Айта кетерлігі, Әбиба жартылай финалда Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Чэньхаомен күресті.
Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова Азиаданың қола медалі үшін бақ сынайды.