Бүгін «Алға-жылу» БПҰ-ға қарасты №2 Алға орта мектебінде мектеп ұжымы және партия мүшелерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесуге «Әділет» партиясы Алға аудандық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Жаумытбаев және Отбасы қолдау орталығының директоры, партия белсендісі Бану Демесинова қатысты.

Жиын барысында Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттары, білім беру саласын дамыту, адами капиталды нығайту, әлеуметтік қолдау және қоғам алдындағы өзекті міндеттер жөнінде пікір алмасылды.

Кездесу қатысушылары Жолдауда айтылған бастамалардың маңыздылығына тоқталып, оларды жүзеге асырудағы әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігін атап өтті.