Тікұшақтар, құрмет қарауылы: Ақордада Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алды
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Ақордада құрмет қарауылы мен әскери тікұшақтардың қатысуымен салтанатты түрде қарсы алды. Кейін екі ел басшысы келіссөз жүргізді.
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция алдында еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Тәжікстанның Мемлекеттік туларын желбіретіп ұшты.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.



Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.




Содан кейін президенттер келіссөз жүргізді.